Главная

Категории:

ДомЗдоровьеЗоологияИнформатикаИскусствоИскусствоКомпьютерыКулинарияМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОбразованиеПедагогикаПитомцыПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРазноеРелигияСоциологияСпортСтатистикаТранспортФизикаФилософияФинансыХимияХоббиЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тапсырма. «Плогиат деген не?» хабарлама дайындау


 

3-тапсырма. Берілген тұжырымдарға сүйеніп,ойыңызды анық, ашық көрсетіңіз, кейс дайындаңыз.

Мысалы: Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады деген оймен келісуге болмайды. Жағдайға байланысты әр адамның жаңа мамандықты игеруге құқығы бар, сәйкес мамандықты атқаруға болады....

• Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.

• Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.

• Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.

• Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға болады.

• Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.

• Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.

• Ақша болса, мамандық қажет емес.

• Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.

• Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

• Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.

• Мамандық таңдау – күн көріс қамы.

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Сөз тіркесінің екі сыңары бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз қатар не алшақ тұрып байланысатын сөз тіркесінқабыса байланысқан сөз тіркесідейміз. Мәселен, алтын сағат, жеті келді, биік мансап.

4-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз, сол бойынша мазмұнын айтыңыз.

Мамандардың болжамы бойынша инженерлік мамандықтар алдыңғы орынға шығады. Батыс капиталы ресейлік нарыққа кіру арқылы бірінші қадамдарын жасауда. Қазір кәсіби инженерлерге, техникалық мамандарға және өндірісте орта буын басқарушыға тапшылық туындап жатқаны рас. Ағылшын немесе кез келген басқа еуропа тілін білетін техникалық, экономикалық, заңгерлік мамандықтар мамандары жоғары бағаланады. Инженер-маркетологтардың және менеджерлердің талап етілуі өнеркәсіптің барлық салаларында күн санап өсіп келеді.

Сондай-ақ, IT және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуді өңдеушілерге, бағдарламашыларға да сұраныс жоғары. Бағдарламашы – бұл бағдарламалық қамтамасыз етуді жасайтын және оның жұмыс қабілеттілігін қолдайтын маман. Қазіргі заманда фирма имиджі және сайты – ұйымның сенімділігі мен деңгей көрсеткіші. Сондықтан, IT мамандары қоғамда өте маңызды. Демек, веб-дизайнер – ең жоғары төленетін «компьютерлік» мамандықтардың бірі болып отыр.

(Ғаламтор материалдарынан)

5-тапсырма. Тақырыпқа қатысты төмендегі етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыз.

Қалыптасу, жаңарту, орталықсыздандыру, кеңейту, дамыту, жүзеге асыру, даярлау, күшейту, жетілдіру, үлес қосу, нығайту.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Көп салалы оқу орны

Грамматикалық тақырып: Сөйлем. Жай сөйлем

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, тақырыпқа сай шағын әңгіме құрастырыңыз.

Естествознание - общественный -  
сельскохозяйственный - методический -  
многопрофильный - крупный -  
оказать услугу -  
       

2-тапсырма. Мәтінді оқып, нақты деректерді жазып алыңыз.

Жоғары оқу орындарының ішінде Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. Университет 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды.
Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан.
Университет бүгінде жоғарғы оқу орнында және жоғарғы оқу орнынан кейінгі дайындық жүйесі бар біртұтас оқу, ғылыми-әдістемелік кешенді құрайды. Қазіргі кезде университетте 43 кафедра бар. Қазіргі кезде университеттің сегіз факультететінде 10000-ға жуық студент жаратылыс ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық, білім беру ғылымдары болып жіктелетін мамандықтар тобы бойынша 37 бакалавриат, 24 магистратура, 6 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім алуда. Сонымен қатар 5 бакалавриат, 3 магистратура мамандықтары бойынша көптілді оқу үрдісі жүзеге асырылуда. Білім беру үдерісін 650 оқытушы, оның ішінде 353 ғылым докторы мен кандидаты жүргізеді. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 55 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар.

Университет білім беруде келесі бағыттарға басымдық береді: экономиканың аграрлық саласына сапалы мамандар дайындау, оқу орнының рейтингі мен бәсекеге қабілеттілігін республика деңгейінде, сонымен қатар халықаралық деңгейде арттыру, әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ойдағыдай қауымдасу. Оларды жүзеге асыру үшін университет қазіргі заманғы басқару жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын енгізуде, материалдық-техникалық базасын нығайтты, өндіріс орындарымен, жұмыс берушілермен, ғылыми зерттеу институттары және орталықтармен өзара ынтымақтастықтың тиімді жүйесін қалыптастырды, ғылыми базасын нығайтты және одан әрі нығайта түсуде.

Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында. Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия, Чехия, Польша т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Университетте мамандар даярлауда төмендегідей факультеттер жұмыс істейді: агрономия, сәулет өнері, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы, жерге орналастыру, компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру, техникалық, энергетикалық, экономика, сырттай оқу факультеттері, әскери кафедра.

3-тапсырма. С.Сейфуллинатындағы ҚАТУ жайлы таныстырылым әзірлеңіздер.

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Қандай да бір тиянақты ойды білдіріп, белгілі бір дауыс ырғағымен айтылатын бір ғана сөз немесе сөздердің тіркесін, я сөздер тобын сөйлем деп атаймыз. Сөйлем беретін ойға қатысына және құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Жай сөйлем бір ғана ойды білдіріп, бір ғана предикаттық қатынастан (бір бастауыш, бір баяндауыш немесе бастауышсыз, тек қана бір баяндауыштан) тұрса, құрмалас сөйлем екі немесе одан да көп ойды білдіріп, екі не одан да көп предикаттық қатынастан тұрады. Мәселен, Қазақтан шыққан қаншама зиялыларбар. Бұл сөйлемнің құрамында зиялылар деген бір бастауыш және бар деген бір баяндауыш бар. Ол үнемі ізденіс үстінде жүреді, сондықтан да оны әр түрлі ұйымдаржұмысқа шақырып жатады. Бұл сөйлем екі жай сөйлемнен құралған. Бірінші сөйлемнің бастауышы – ол, баяндауышы – ізденіс үстінде жүреді, екінші сөйлемнің бастауышы – әр түрлі ұйымдар, баяндауышы – жұмысқа шақырып жатады.

4-тапсырма. Мәтінді оқып, сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанын айтыңыз.

Болашақта ең талап етілетін мамандықтар нанотехнологиямен байланысты. Нанотехнология – бұл молекулалармен және атомдармен жұмыста негізделген технологиялар. Нанотехнологиялар үш бөлікке бөлуге болатын үлкен сала: микроүлгілерді өндіру, наноөлшемдегі роботтарды шығару және атомдық деңгейдегі инженерия.

Болжамдар бойынша, нанотехнологиялармен байланысты барлық мамандықтар талап етіледі. Қазірдің өзінде нанотехнологиялар машина жасау, ғарыш технологиялары, тағамдық өнеркәсіп, медицина және т.б. салаларды қамтитыны белгілі.

Бүгінгі күні биотехнология жақсы дамыған. Биотехнологиялар ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады, онда гендік инженерия мен микробиология көмегімен гендік түрлендірілген өнімдер алынады. Биотехнологиялар молекулярлы медицинада, биофармацевтикалық өндірісте және басқа да салаларда қолданылады. Биотехнология – биологиялық жүйелер мен олардың элементтерін пайдаланатын технологиялар. Бұл сала (биотехнология) күн санап өріс алуда. Қазіргі уақытта электроника мен биотехнологиялар түйісуіндегі мамандықтар алдыңғы қатарға шығуда. Қоғам ондай маманнан электроникада да, биоинженерияда да терең білімді қажет етеді. Болашақта биочиптермен жұмыс істеу алдыңғы орынға шығуы мүмкін. Сондықтан бұл – жақын болашақтың ісі деуге де болады.

 

5-тапсырма. Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

На свете существует огромное количество специальностей и профессий, о которых мы даже не слышали. Правда, и о тех профессиях, которые хорошо нам знакомы, мы знаем очень немного. Ну, к примеру, можете вы сказать, сколько блюд должен уметь готовить повар среднего ресторана, или какой длительности рабочий день у экономиста. Предлагаю ознакомиться с разными профессиями как бы изнутри. Сами специалисты будут давать один совет, который формулируется всего одним предложением. Представители различных профессий будут говорить нам, что мы в первую очередь должны знать об этих профессиях, или давать общие советы. В общем, предлагаю попробовать

 

СӨЖ №2

1-тапсырма.«Білім туралы Заң» конспект жазыңыздар;

2-тапсырма.«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ даярлайтын мамандықтар бағыты» таныстырылым жасау;

3- тапсырма. Әр түрлі мамандық бағыты жайлы кейс жасаңыздар;

 

ІІІ модуль

1-сабақ

Лексикалық тақырыбы: Кәсіби сала субъектілері

Грамматикалық тақырыбы: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. Хабарлы сөйлем

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, жоспар құрыңыз.

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооператиптер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс саласы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сала ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит нарықтарына қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Өзін-өзі қаржыландыру – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді несиелері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін. Олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.

(Ғаламтор материалдарынан)

2-тапсырма. Өз мамандығыңыздың субъектілері жайлы ақпарат дайындаңыз.

1) Кәсіби субъектілер атаулары

2) Олардың мақсаттары мен жоспары

3) Олардың қызметіне сипаттама

4) Мемлекеттік органдармен қарым-қатынастары

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.

Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.

Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер:

1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады;

2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ);

3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді;

4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді;

5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.

Хабарлы сөйлем өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді: баяндау мәнді хабарлы сөйлем, сипаттау, ия суреттеу мәнді хабарлы сөйлем, түсіндіру мәнді хабарлы сөйлем.

Баяндау мәнді хабарлы сөйлембірдеңенің не бір істің, оқиғаның мән жайын баяндау мақсатында айтылатын сөйлем. Мәселен, Кемел кеш қайта үйіне оралды.

Бір нәрсені сипаттау немесе суреттеу үшін құрылған сөйлемді суреттеу мәнді хабарлы сөйлемдейміз. Мәселен, Каспийдің асау толқындары жағаға ұрады. Теңіз жағалауында топ-топ шағалалар жиналған.

Қандай да бір құбылысты, оқиғаны түсіндіру мақсатымен құрылған хабарлы сөйлемнің түрін түсіндіру мәнді хабарлы сөйлем деп атаймыз. Табақ тартар – күйеу жігітке төс салып ұсынылған табаққа оның берер кәдесі (ақша салуы).

 

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен әр түрлі шақта тұратындай етіп хабарлы сөйлемдер құраңыз.

Қаржыландыру, нарықтық экономика, кәсіпорындар, өнім өндіру, меншік көздері, қаражаттардың жетіспеушілігі, ұзақ мерзімді, пайда есебі.

4- тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады. Елімізде ауыл шаруашылығын дамытудың зор әлеуеті бар. Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне жету біздің еліміздің қалпына келуі болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.

«Ауылым – алтын бесігім» деген қанатты сөз бар. Шындығында, ауыл – қазақ рухының, дәстүрлі шаруашылығының алтын бесігі. Ендеше ауылды түлету, ауыл шаруашылығын өркендету халқымыз бен Отанымызды түлету деп түсінген жөн. Сол ауыл мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерге жастар да өз үлесін қосады.

5-тапсырма. «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбына эссе жазыңыз.

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Мекеме

Грамматикалық тақырып: Сұраулы сөйлем

1-тапсырма: Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды жазыңыз.

Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты 1958 жылы 1 маусымда құрылды. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: агроөнеркәсіп салалары мен нан өнімдері жүйесінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту; жиналған астықты сақтау, тазалау және өңдеуге арналған тиімді технологиялар мен технологиялық құралдарды дайындау.

1935 жылы 1 ақпанда Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты (Қазақ ЕШҒЗИ) құрылды. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: егін шаруашылығының генофондын құру, пайдалану және сақтау; физиология, генетика, биохимия, биотехнология, т.б. биология ғылымдарының қазіргі заманғы әдістерін пайдаланып, дәнді, дәнді бұршақ, жарна, дәрілік, техниканың дақылдардың өнімділігі жоғары, төзімді, бейімделгіш жаңа сорттары мен гибридтерін алу; өнімділігі жоғары да сапалы тұқымдар өндірісі; топырақтық-климаттық белдемдер бойынша егін шаруашылығының аймақтық тиімділігі жоғары топырақ, су, ресурс үнемдеуші агроландшафтылық жүйелерінің негізгі буындарын дамытып жетілдіру; топырақ құнарлығының ұдайы ұлғаймалы жаңартуды ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдар өнімінің тұрақты түсімін қамтамасыз ететін тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану жүйелерін, негізгі егіс дақылдарын өңдеудің ресурс пен энергияны үнемді жұмсайтын, экологиялық таза технологияларын жасау және оны экологиялық тұрғыдан бағалау.

(Қазақстан энциклопедиясынан)

2-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды мазмұндаңыз.

Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 1956 жылы 22 қыркүйекте құрылды.

Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары: Солтүстік Қазақстанның агроландшафттарының топырақ қорғау-суландыру құрылымының ғылыми негізін жасау; астық пен мал азығы өндірісін ұлғайту, топырақ қарашірігін сақтау, пайданы арттыру мен энергоресурстар шығындарын азайтуға бағытталған егіншілік жүйесін дамыту; дәнді және мал азықтық дақылдарды өңдеу машиналары жүйесін жетілдіру; далалы аймаққа бейімделген қолайсыз жағдайларға төзімді дақылдар сұрыптарын алу мен олардың тұқымдарын өсіру. Институт ғалым А.И.Бараевтың есімімен аталады. Соңғы жылдары институтта 249 адам, соның ішінде 79 ғылыми қызметкер, 5 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаттары қызмет етті. Институтта үш КСРО және Ленин сыйлығының лауреаты жұмыс істеген. Институт ғалымдарының зерттеулері бойынша Солтүстік Қазақстанда топырақ ылғалын молайту мен оны дәнді дақыл өсіруге пайдалану, Солтүстік Қазақстан жағдайында қыстық бидайды өңдеу технологиясы және жаздық бидай егістіктерінде өсімдіктерді қорғау әдістерін қолдану, Ақмола облысы шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкес шегірткелерден қорғау жүйесі, Солтүстік Қазақстанда топырақты жел және су эрозиясынан сақтау, Солтүстік және Орталық Қазақстанда минералды және органикалық тыңайтқыштарды дәнді дақылдарды өсіруге пайдалану, сортаң егістік жерлерде мал азығын өндіру, т.б. ұсыныстар жасалды. 15 ғылыми-зерттеу нәтижелері өндіріске енгізілді. Жаздық жұмсақ бидайдың 10, жаздық бидайдың 5, арпаның 4, сұлының 2, тарының 3, қарақұмықтың 1, мал азықтық дақылдардың 10 сұрыпы шығарылды. Институтта аспирантура мен докторантура бар, 2 ғылым докторы және 12 ғылым кандидаттары даярланған. Ғалымдардың еңбектері 10 монографияда, 5 ұсыныс-пікірде баяндалып, оларға 29 авторлық куәлік берілген.

(Қазақстан энциклопедиясынан)

3-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Егіншілік, дән, мал азығы, дақылдар, өңдеу, жүйе, жетілдіру, аймақ, бейімделген, қолайсыз, төзімді, іргелі, қолданбалы, зерттеулер, өндіріс; топырақтық-климаттық, белдемдер, егін шаруашылығы, аймақтық, топырақ құнарлығы, ұлғаймалы, ауыл шаруашылығы, тыңайтқыштар, ұтымды пайдалану.

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Біреуден бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлемдеп аталады.

Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.

Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.

Жетек сұрақты сұраулы сөйлем – негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы:

Іссапарға кімдер барады?

Жас қызметкерлер барады.

Біздер ше?

Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.

Анықтауыш сұрақты сөйлем – екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы:

Бұл ойды кім айтты?

Тілек айтты.

Тілек?

Иә, Тілек.

Сұраулы сөйлемдердің өзіндік жасалу жолдары болады.

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары Мысалы
Сұрау есімдігі арқылы Сен ғасырлық тұлға деп кімді атар едің?
Ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулары арқылы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген еңбектері туралы айта аласыз ба?
Ша, ше шылаулары арқылы Еңбек жолын қандай жұмыстан бастағанын ше?
Ғой, қой, -ау, -еу демеулік шылаулары арқылы Ол да барады ғой?
Шығар, болар есімшелі етістіктердің көмегімен Мұны бәрі білетін шығар?
Иә, сірә деген оқшау сөздер қатысуы арқылы Бұл ақпараттарды оқыған-ау, сірә?
Қайтеді, білемін деген етістіктердің сұрау мәнде жұмсалуы арқылы Осыны оқысақ қайтеді?
Дауыс ырғағы (интонация) арқылы - Үйде ағаң бар. - Ағам?

4-тапсырма. Мәтіннен 5 сөйлем таңдап алып, оны хабарлы сөйлемнен сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

5-тапсырма. «Ғылым – теңіз, білім – қайық» тақырыбына эссе жазыңыз.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Кәсіпорын. Серіктестік

Грамматикалық тапсырма: Лепті сөйлем

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сөздік жасаңыз. Негізгі ақпаратты дәптерге жазыңыз.

Кәсіпорын дегеніміз – өндірістік-қоғамдық еңбек бөлінісінің біртұтас халық шаруашылығы комплексінің негізгі буыны. Ол өз ісіне жауап беретін заңды шаруашылық орын. Сонымен қатар, ол пайда алу мақсатында алғашқыда өз қаржысы мен мүмкіндіктерін пайдаланатын нақты іспен айналысады. ҚР-ның қолданып жүрген заңдарына сәйкес кәсіпорынның мынадай түрлері бар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив.

Әр мемлекеттің халық шаруашылығының негізгі звеносы – кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорындарда тауар өндіріледі, қызмет көрсетіледі, халықтың белсенді бөлігінің жұмысбастылығына тікелей әсер ететін қосымша жұмыс орындарын ашады және тұтынушылық сұранысты қанағаттандырады. Сондай-ақ кәсіпорын мемлекеттік және жергілікті бюджеттің табыс бөлігін толықтырушы.

Екі модель бойынша кәсіпорынның қызмет ету ерекшеліктері мынаған негізделген: орталықтандырылған директивті жүйедегі кәсіпорын еңбек ұжымын пайдалану негізінде (тауар, қызмет) өндіруші және сатушы заңды тұлға болғанымен, ол шаруашылық есеп негізінде жұмыс істейді, яғни жоспар бойынша дамиды.

(Ғаламтор материалдарынан)

2- тапсырма. Мәтін бойынша алты-жеті сұрақ дайындаңыз.

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлемлепті сөйлемдеп аталады.

Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т. б. 2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:

1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы: Көзі мұндай өткір болар ма!

2) сөйлемге -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы: Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!

3) көңіл-күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы: Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!

4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады

Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.

Сөйлеушінің көңіл-күйінің әр түрлі болуына орай лепті сөйлем де әр түрлі болады.

Лепті сөйлемнің түрлері Мысалы
Қуаныштан туындаған лепті сөйлем Жарайсың, Әлішер, бұл нағыз ғылыми жұмыс болды!
Ренжу мәнді лепті сөйлем Туу, айтқанды бір ұқпай-ақ қойдың ғой!
Күйініш мәнді лепті сөйлем Адам – адамдығын сақтауы керек қой!
Өкініш мәнді лепті сөйлем Әттеген-ай, осылардың алдын-ала зерттегенде ғой!

3-тапсырма. Лепті сөйлемдерді оқып, ол қандай лепті сөйлем екенін айтыңыз және өзіңіз жоғарыдағы мәтінге сүйеніп, алты лепті сөйлем құрастырыңыз.

1. Не деген тамаша сурет десеңші! (С.Мұқанов). 2. Япырмау, мынау Тәкежан, Тәкежаным ғой! (М.Әуезов). 3. Жаным-ау, қайда жоғалып кеттің?! (С.Мұқанов). 4. Ақын ғой өзі! (С.Мұқанов). 5. Апыр-ау, шыбықтар көктейін депті-ау! (С.Мұқанов). 6. Ойпырмай, Мейрам ба, мынау! (С.Мұқанов). 7. Қап, бәрі бітті де! 8. Бәрекелді, не тұрыс, төрге шығыңыздар!

4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады. Олардың азаматтық құқықтары болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң орналасқан жерi деп оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi танылады.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзi орналасқан жерден тыс жерлерде филиалдар құрып, өкiлдiктер ашуға құқылы. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi құру, оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серiктестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеумен жалғасады.

5-тапсырма. «Кәсіпорындар қызметі» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

СӨЖ № 3

1-тапсырма. Өз мамандығыңыз саласындағы ЖШС-лар мен кәсіпорындар жайлы рефераттар дайындаңыз.

ІҮ модуль

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Кәсіби сала қызметін мемлекеттік реттеу

Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем

Ой түрткі:

1. Заң дегеніміз не?

2. Қалай ойлайсыз, заң бізге не үшін керек?

3. Заңның заманға қатысы бар ма?

4. Қазақ елінде бұрындары Ата заң болды ма (болса, оның тарихы жайлы не айта аласыз)?

5. Қазақтар бұрындары қандай заңға сүйенген?

1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

закон - Постонавление -
право - Концепция -
справедливость - карается законом -
ответственность - юстиция -
устав - юрист -
заключение - правила -

 

2-тапсырма.Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңыз. Мәтінге ат қойыңыз.

Мемлекеттік реттеу – мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.
Құқықтық мемлекеттік реттеу азаматтық және шаруашылық заңдар негізінде осы заңдармен белгіленетін нормалар мен ережелер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жанама экономиканы реттеуде несие-ақша, салық, амортизация, валюта, сыртқы экономика, кедендік-тарифтік саясаты сияқты тетіктер пайдаланылады. Осы тетіктердің көмегімен экономика мүдделер мен ынталандыруға әсер ете отырып, мемлекет тікелей өндіріс пен тұтынудың өзіне емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірушілер мен тұтынушылар ретіндегі іс-әрекетіне ықпал жасайды.

1930 – 1970 жылдары индикативтік және стратегия жоспарлау, жаңа қаржылық бюджеттік тетік қалыптастыру, экономиканы тұрақтандыру, жұмыспен қамту, кезеңдік ауытқуларды жұмсарту сияқты тәсілдер пайдаланылды.
Қазіргі заманда ғылыми техника реттеу үдерісі жүріп жатыр. Ол мемлекеттік реттеудің “қатаң” амалдарынан“жеңілдеу” амалына немесе тікелей әсер ететін әдістерден жанама әсер ететін әдістерге көшу арқылы жүзеге асырылуда. Қазақстанда нарыққа өту барысында экономика тетіктерді қалыптастыру мемлекеттік реттеудің басты шарты болды. Мұндай шараларға елде жүргізілген баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, жекешелендіру, ақшаны және банктерді реформалау, валютаны реттеу және қатаң қаржы-несие саясатын жүргізу, жеке меншікті кеңінен енгізу, кәсіпорындарды сауықтыру, институционалдық өзгерістер жасау сияқты амалдарды жатқызуға болады.[1]

(Ғаламтор материалдарынан)

 

3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінге жоспар құрастырыңыз.

4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мемлекеттік реттеу дегеніміз не?

2. Қазіргі заманда ғылы мен техниканы реттеу қалай жүргізіліп жатыр?

3. Құқықтық мемлекеттік реттеу қалай жүзеге асырылады?

4. Қазақстанда нарыққа өту барысында экономика тетіктерді қалыптастыру мемлекеттік реттеудің басты шарты қандай?

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Бұйрықты сөйлем– қимыл-әрекетке итермелу, біреуге бір нәрсені істету мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі реңкте білдіріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің өзіндік жасалу жолдары бар.

Жасалу жолы Беретін мағынасы Мысалы
1.Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының 2-жақ жіктік жалғауымен келіп жасалады Бұйрықты сөйлем бұйрық, талап ету мәнінде айтылады Сен мен не істесем, соны істе! - деді Ұлпан Шынарға сыбырлап (Ғ.Мүсірепов).
2. Баяндауыштары бұйрық райының 3-жақ жіктік жалғауымен келіп жасалады Бұйрықты сөйлем талап, тілек мәнінде айтылады Қара көктің жал-құйрығы қара ғой, қаралы aт осы болсын! - деді (М. Әуезов).
3.Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы/-ші қосымшасы жалғану арқылы жасалады Бұйрықты сөйлем тілек, жалыныш немесе сыпайы түрде бұйыру, кейде сес көрсетіп, қорқыту мәнін білдіреді Қане, осы баланың бәйгесін бермей көрші (Ғ. Сланов).
4. Баяндауыштары етістіктің қалау, б


Последнее изменение этой страницы: 2016-06-10

headinsider.info. Все права принадлежат авторам данных материалов.