Главная

Категории:

ДомЗдоровьеЗоологияИнформатикаИскусствоИскусствоКомпьютерыКулинарияМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОбразованиеПедагогикаПитомцыПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРазноеРелигияСоциологияСпортСтатистикаТранспортФизикаФилософияФинансыХимияХоббиЭкологияЭкономикаЭлектроника






Цитомегаловирусты инфекция (ЦМВИ)


Цитомегалия кең тараған вирусты ауру, көбінесе ерте жастағы балаларда клиникалықформалардың көп түрімен сипатталатын жеке бір типті морфологиялық көрінісімен — ядролы жеке цитоплазмалық қосындыларының, гигантты клеткалардың тізілуімен.

Этиологиясы. Цитомегалияның қоздырғышы - вирус — Неrреs vіrіdае тұқымдастығына жатады. Бірінші бөліп алған 1956 жылы М. Smіtһ. Осы вирустың екі серотипі белгілі. Морфологиялық қасиетіне қарағанда жай герпеске ұқсас. Клиникалық цитогендік әсері бар, және көбейгенде гиганттық клеткалар пайда болады. Цитомегалияда аурудан қоздырғышты бөліп алуға болады — сілекейден, зәрдің тұнбасынан, ликвордан және басқа зақымдалған мүшелерден. Ви-рус бөлме ішіндегі температурада тұрақты, ал эфирге және дезинфицирленуші заттарға сезімтал.

Бұл вирустың патогендік әсері бір келкі емес. Бір жағынан ЦМВ иммунокомпетәнтті адамдарда клиникалық айқын түрлерін сирек шақырады. Екінші жағынан иммунды жүйесі әлсіз ересек адамдарда және балаларда ЦМВ жиі әр түрлі аурулардың себебі болып табылады: мононуклеоз тәрізді, хориоретинитте, балалардың психомоторлы даму бұзылыстарының, ақыл кемістігінің, саңыраулықгың (керең) және интерстициальды пневмония мен диссиминирленген ЦМВИ сияқты ауыр ауруларға өкелуі мүмкін.

Эпидемиологиясы. ЦМВИ адам популяциясында барлық жерде тараған. Кездесу жиілігі және аурулардың жасы халықтың өмір сүру әлеуметтік — экономикалық жағдайларға тәуелді болып өзгеріп отырады. Серологиялық зерттеулер бойынша, экономикасы дамыған елдерде 35 жастан кейін 60% астам халықга ЦМВ-ке бағытталған комплемент байланыстыратын антиденелер табылады. Африка мен Қиыр Шығыстың кейбір елдерінде серопозитивті адамдардың саны 100%-ке жетеді. Америка және Жапония зерттеушілердің мәліметтері бойынша зерттелген жүкті әйелдердің 3,5-20%-де ЦМВИ-ның кли-никалық белгілері цервикальды қаналда табьшған. 15-30% жағдайларда сау еркектердің шәуһетінен ЦМВ бөліп алған.

Нәрестелердің ішінде ЦМВИ жиі кездесетіні көрсетілген. Зерттелген нәрестелердің алғашқы 48 сағат өмірінде 1,2% жағдайларда зәрінде инфекциялы вирусты бөлшектер табылған. 5-9 айлық бала-ларда 60% жағдайларда ЦМВ анықталған. Бір жастағы балалардың 15-18% жағдайларда вирусемия байқалған. Англияда жасалған зерттеулер бойынша ұрықтың құрсақ ішілік жұқтыруы 2000 жағдайдың ішінде 800 нәрестәнің ОНЖ зақымдануына әкеледі.

ЦМВИ активизациясы белсенділігі жоғары пайызда байқалады органдардың трансплацентациясынан кейін және ЖПИС (жүре пайда болған иммуножетіспеушілік синдромы) пайда болғанда бірге жүреді. Табиғатта ЦМВ резервуары тек қана адам болып табылады.

Жұғуы. Қан, сілекей, зәр, шәуһат, ана сүті және басқа сұйықтар арқылы жұғады. Балалардың құрсақ ішілік және постнатальды даму кезінде кіру жолдары ол плацента, тері, шырышты қабаттар, тыныс жолдары болуы мүмкін.

Патогенезі. ЦМВ организмге енген соң қанға түседі, не болмаса

 

 

Ауыз қуысының шырышты қабаттары аздап ісінген, қызарған, бадамшаларда жабындылар сирек кездеседі.

Жиі ЦМВ интерстициальды өкпенің қабынуын тудырады.

Өкпенің қабынуына тән белгілерден басқа гастроэнтеральды өзгерістер, бауыр функциясьшың өзгерістеріне тән белгілер кездеседі.

Ауру ауыр түрде өтеді, ұзақтығы 2-4 аптаға созылады.

Жайылған (генерализденген) түрі — жасанды немесе табиғи иммуносупрессиялы балаларда кездеседі.

Бұл топқа әр түрлі органдары (мүшелері) трансплантация, трансфузия жасалған аурулар және иммуносупрессивті химиөтерапия алатын онкологиялық аурулар, әсіресе ВИЧ инфицирленгендер жатады.

Кез келген иммунодефицитті жағдайларға ЦМВИ созылыңқы турде және ауыр түрде өтеді қай уақытта жұқтырғанына қарамай (біріншілік немесе қайталап жұқтырылған). Өліммен аяқталу қаупі ете жоғары болады. Мұндай ауруларда ЦМВИ диссиминирленген түрі жиі кездеседі, ол деген бүкіл мүшелер мен жүйелер жағынан өзгерістер анықталады.

Жиі патологаялық өзгерістер бүйрек үсті бездерінде (75%), өкпеде (58%), асқазан ішек жолдарында (30%), ОНЖ (20%), сезім мүшелерінде (10%) кездеседі.

Жүре пайда болған ЦМВИ-ң жайылған түрінде - айқын білінген улану белгілері, ұзақ уақыт дене қызуының жоғарлауы, дене қызуы 39-40°-қа дейін жоғарлайды және қалтырау болуы мүмкін.

Клиникалық белгілерінде патологиялық сиңдромдар көп түрде болады. Интерстициальды өкпе қабыну симптомдары асқазан — ішек жолдарының қабынуы белгілерімен бірге кездеседі - құсу, диарея. Жүрек қан - тамыр жүйесінің өзгерістері, паренхиматозды гепатиттің клинико-лабораторяилық белгілері пайда болады.

Перифериялық және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының белгілері жиі кездеседі. Менингоэнцефалит тырысу синдромымен, нистагммен, оральды автоматизм симптомдарымен өтеді.

Нашар болжамды белгі болып хориоретинит саналады.

Жайылған (генерализирленген) ЦМВИ –ның диагностикасы өте қиын. Клиникалық симптомдарына қарап қате сепсис деген диагноз қойылады, ауруларға тиімділік әкелмейтін қарқынды антибактериальды терапия тағайындалады. Сепсистән ерекшелігі жалпы қан анализінде лимфоцитоз, СОЭ қалыпты немесе аздап жоғарлайды.

Диагностикасы. ЦМВИ диагнозын клиникалық белгілеріне қарап қою өте қиын.

Лабораториялық диагностикасына жатады: (цитологиялық, вирусологиялық және серологиялық зерттеулер, ПЦР-әдісі).

Цитологиялык: зақымдалған клеткаларда ауруға тән қосындылар болады (цитомегаловирустарды зәрдің тұнбасынан, сілекейден, ликвордан және қақырықтан табу мүмкін).

Вирусологиялык: Әр түрлі биологаялық сұйықтықтардан вирус бөлінеді: қан, ана сүті, ликвәр, зәр, сілекей, цервикальды қаналдың бөліністері, биопсиялық материал.

Қазіргі кезде вирустың ДНК-сын табу үшін ПЦР реакциясы қолданылады.

Серологиялық: РСК, РН, РПГА, ИФА. Әсіресе ең сенімді тәсіл больш ИФА әдісі саналады, онда спецификалық антиденелер ІgМ және ІgG анықталады.

Болжам: Туа пайда болған цитомегалияда болжам күдікті. Жиі летальды нәтиже, және интеллектің темендеуімен, ОНЖ функциясыньң төмендеуі.

Жүре пайда болған ЦМВИ көп жағдайларда толық аурудан сауығумен аяқталады. Иммуносупрессивті жағдайларда ЦМВИ қолайсыз аяқталуы мүмкін.

Емі: Комплексті ем. Ем баланың жасына, жағдайының ауырлығына, клиникалық белгілердің айқындылығына байланысты тағайындалады.

Методикасы емдеу протоколында келтірілген.

 

Цитомегаловирусты инфекцияның емінің протоколы:

1. Ауруларды сараптау:

Ем протоколына жедел және созылмалы ЦМВИ аурулар алынады, жұғу сипатына және жұғу уақытына байланыссыз.

Оппәртунисті инфекция ретінде пайда болған ЦМВИ ауруларды протоколға қосу, қосымша зерттеулерден кейін барып шешіледі.

2. Зерттеу әдістері: ЦМВИ-ның біріншілік скрининг-диагностикасы (цитологиялық зерттеулер-сілекей мен зәр тұнбаларында атипті цитомегалды клсткалар анықталады):

- ЦМВИ маркерларыи анықтлу (ІgМ, ІgG, ІgА классының антиденелері).

- Вирусологиялық зсрттеулср (тіндік дақылдарда ЦМВ табылады).

- ПЦР әдісімен вирус ДІІК-сы анықталады.

- Бауырдың пункциялық биопсиясы.

- Биохимиялық жоые иммунопатологиялық зерттеулер.

- Ішкі мұшелердің ультра дыбысты зерттеулері.

Диагностикасы.

ЦМВИ диагнозы (кесте № 1) келтірілген жіктеулердің клинико — лабораториялық критерилеріне негізделіп қойылады.

Емі.

Базисті терапия. ЦМВИ барлық түрлерінде, аурудың аурлығына және жұғу сипатына байланыссыз, рекомбинантты интерферон (виферон, роферон А, интрон А және т.б.) тағайындалады, схема бойынша — 500 мың — 1 млн. МЕ 1 рет тәулігіне 14 күн, сосын осы мөлшері күн ара 1,5-3 ай енгізіледі жедел инфекцияда, және 3-6 ай созылмалы инфекцияда.

Ауыр (генерализденген) түрінде ем ганцикловирмен жүргізіледі 5-7,5 мг/кг дене салмағына тәулігіне, 2 рет күніне көк тамырға 14-21 күн бойы, арнайы иммуноглобулинмен бірге, 2 мл/кг көк тамырға тамшылап 2 күн сайын клиникалық белгілер жойылғанша. Кортикостероидттер (преднизолон) 2-5 мг/кг.

ЦМВИ жеңіл түрінде лейкинферон немесе виферон 500 мың МЕ 3 рет аптасына 4 апта бойы немесе интерферогенездің стиму-ляторларымен емдейді: Ридостин 8-мг бұлшық етке 3 күнде бір рет№ 5-7, циклоферон бұлшық етке № 10.

Синдромальды терапия:

Айқын білінген инфекционды токсикозда инфузионды терапия жүргізіледі: көк тамырға тамшылап 10% глюкоза ерітіндісі, гемодез, реополиглюкин, альбумин енгізіледі, жалпы мөлшері 100-200 мл/кг дене салмағына тәулікте.

Әрганды патологияда (гепатит, өкпе қабыну, панкреатит, энцефалит және т.б.), базисті терапиядан басқа жалпы белгілі сол органның зақымданудың аурлығына қарай ем жасалынады.

Бактериальды асқынуларда немесе асқынулар қаупі болғанда антибиотиктер тағайындалады (цефалоспәриндер, аминоглюкозидттер, макролидттер, фторхинолондар баланың жасына байланысты).

Қосымша терапия.

Барлық ЦМВИ ауырған Науқас жоғары колориялы физиологиялық тағамдармен тамақтану керек, сонымен қатар витаминдер (пентовит, витогепат, ревит, пековит, глутамевит, мультибионта плюс, мультивит, витанова, витамакс).

Рецидивке қарсы терапия.

Рекомбинашты ипгсрферонның дәрілерімен жүргізіледі (виферон, реферон А, интрон және т.б.) немесе интерферонның индукторларымен (ридостин, циклоферон, неовир және т.б.) Балада реактивация белгілері пайда болғанда (анти - СМУІgG) ол сауыгуды көрсетеді.

5. Бақылау және кддағалау:

Сауыққанан кейін балалар диспансерлік бақылауда болады және белсенді ЦМВИ қайта тексерілінеді. (СМУАg, анти - СМУ ІgМ және 1gG) 1,3,6 және 12 айларда ауруханадан шықаннан соң.

Учайкиннің В.Ф. мәліметтеріне негізделіп құрастырылған.

Алдын — алу шаралары.

Барлық жүкті әйелдерді цитомегалияға тексеру, жаңа туған баланы күтуде, гигиена ережелерін дұрыс сақтау.

Парентеральды жұғу жалпы алдын — алу үшін донорларды тексеру.

Егерде туа пайда болған ЦМВИ ауру бала туса (ауру шешеден), онда келесі жүктілік кезінде 2 жыл уақыттан соң болуы керек (вирустың персистәнция уақыты).

Белсенді алдын - алу үшін тірі және өлі вакциналар қолданылады, бірақ олар әрі практикаға енгізілмеген. 150

Жедел ішек инфекциялар

Эшерихиоз

Эшерихиоздар — патогенді ішек таяқшаларының әр түрлі сероварларымен шақырылатын, асқазан-ішек жолдарында қабыну тудыратын, улану, эксикоз және диарея синдромымен өтетін, сирек жағдайларда — басқа да мүшелердің зақымдалуымен немесе жайылған түрде сепсиске дейін әкелетін жедел жұқпалы аурулар.

Этиологиясы. Эшерихиялар — грамм (теріс) таяқшалар, олардың арасынан мынандай штамдарды ажыратады. а) қалыпты ішек микрофлорасы деп саналады, б) шарты патогенді топқа кіретін, в) патогенді штамдар, олар ішек жұқпалы ауруын тудырады, — эшерихиоздарды (ескі номенклатура бойынша — колибациллездар).

Энтеропатогенді эшерихиоздар өзінің антигенді құрамы (соматикалық — 0-антиген, капсулалы — К — антиген және кірімді — Н — антиген) бойынша серотоптар мен сероварианттарға бөлінеді.

Қазіргі танда энтеропатогенді ішек таяқшаларының 5 тобын ажыратады.

1) Энтеропатогенді топқа (немесе I категориялы) 30 серотип кіреді:

О18 О20 О26 О33 О44 О 55 О86 Ош О75, О119, О125, О126, О127, О128, О142, ж.т.б.

2) Энтероинвазивті топқа (немесе II категориялы): О25 О28а О1112а,с, О115, О124, О129, О135, О136, О143, О144, О151 (крым), О152

3) Энтеротоксигенді топқа (III категория): О6 О78 О159, О15О27О112в, О148, сирек О20 О63О79О101 О115 О128, О138, О139, О141, О149, О153, О157, ж.т.б.

4) Энтерогеморрагиялық: О157; Нt; О 157; Нһ және тағы басқа.

5)Энтероагентті

Эпидемиологиясы

— Инфекция (ауру) көзі-тасымалдаушылар (ересек және балалар), аурудың көмескі және типті түрлерімен Науқастанған кісілер, кейде жануарлар болуы мүмкін (ірі қара мал).

— Жұғу жолдары: қарым-қатынас, тағам, су, кейде ауа арқылы жұғуы мүмкін.

— Жұғу факторлары: инструменттер, күтім затгары, су, сусындар, бақша тағамдары, дұрыс өнделмеген жеміс-жидектер, дұрыс қайнатылмаған азық-түлектер мен сүт.

Патогенезі. Энтеропатогенді ішек таяқшаларының арасында инвазивті таяқшалар — олар ішек эпителиясына ене алады және инвазивті емес таяқшалар кездеседі — олар ішек эпителиясын бұзбайды. Инвазиялық қабілеті адгезия факторына байланысты. Жіңішке ішек (ащы ішек) шырышты қабатында энтеропатогенді эшерихиялар өзінің цитотоксикалық қабылетіне байланысты эпителиоциттерді зақымдайды және олар сылынып түсе бастайды, сосын орнында эрозия және аздап қабыну пайда болады. әсіресе цитотоксикалы штамдары тереңірек еніп, транзиторлы бактериемияға және кейде сепсиске әкелуі мүмкін.

Энтеропатогенді ішек таяқшалары химиялық құрамы бойынша әртүрлі токсикалық заттар түзеді. Әсіресе эндотоксиндер мен энтеротоксиндердің маңызы зәр. Энтеротоксиндерді негізінен инвазивті емес штамдар бөледі. Энтеротоксиндердің 2 түрін ажыратады: — термолабильді — холерогенге ұқсас және — термостабильді-шырышты қабаттарды зақымдайтын, бірақ барлық штаммдарда анықталмайды.

Инвазивті емес штамдар, эпителий ішінде кездеспейді. Олар ащы ішектің шырышты қабатына жабысады, сонда көбейеді, циклді нуклеотидтердің жүйесін белсендіреді, клетка ішінде Са ++ иондарының жиналуына және зақымдалмаған эпителий арқылы натрий, хлор және судың ішек қуысына шығуын күшейтеді, солай эксикоз дамиды. Басқа токсикалық заттар (нейротокоин, фибринолизин, гемолизин, липаза ж.т.б.) ішек қуысына жиналатын, эндо және энтеротоксинменнен бірге фгоцитозды басып тастайды, шырышты қабатты сенсибилизирлсуі мүмкін, оның кабырғасының өткізгіштігін жоғарлатуы мүмкін, қанға сіңіп әртүрлі әргандар мен жүйелердің функцияларын бұзады, (бауыр, бүйрск,жүрек ж.т.б.) энтеротоксикалық шокқа дейін жетуі мүмкін.

Клиникасы. Эшерихиоздарға тән клиникалық ерекшеліктер - ол клиникалық түрлерінің көп болуы, қазіргі таңца аурудың клиникалық түрі қоздырғыштың серотобына, штаммның патогенділік дәрежесіне, негізінен алғанда әсіресе аурудың ағымы және нәтижесі макроорганизмнің, иммунитеттің жағдайына байланысты, жиі энтеропатогенді эшерихиоздар кездеседі.

Энетропатогенезі эшерихиоз. Ерте жастағы балалардағы эшерихиоздар I категориядағы энтеропатогенді таяқшалармен шақырылады, жиі 3 айдан 6 айға дейінгі нәрестелерде. Инкубациялық кезең 2-6 күн (максимальды 22 күн, минимальды бірнеше сағат). Ауру энтерит, гастрит, энтероколит түрінде өтеді. Басталуы жедел, қызуының жоғарлауымен, құсу, іш өтуден басталады. Басқа жағдайларда — біртіндеп басталады, дене қызуының жоғарлауынсыз және айқын емес улану белгілерімен, тек қана жиі іш өтумен. Қайталанбалы құсу, ұзақ уақытты субфебрилитет эшерихиозға тән белгілер.

Аурудың ауырлығына қарай — жеңіл, орташа және ауыр түрлерін ажыратады.

Женіл түрі: жалпы жағдайы нашарламаған, дене қызуы қалыпты немесе субфебрильді, үлкен дәрет 6-8 рет тәулігіне, сары түсті, кейде шырыш аралас, 1 рет құсу болуы мүмкін.

Орташа ауыр түрі: дене қызуы 38-39°, кейде қалыпты, құсу, үлкен дәрет 10-12 рет, сұйық шырыш аралас, әлсіздік, ұйқышылдық, іштің ісінуі.

Ауыр түрі: жедел басталады, дене қызуы 39-40°, қайталанбалы құсу, үлкен дәрет - сулы, көпіршікті, шырыш аралас, кейде қан аралас та болуы мүмкін, 20 ретке дейін, нашар иісі болады, метео-ризм, ащы ішек бойымен ауру сезімі анықталады.

Су көп мөлшерде жоғалады, натрий, калий, судың жоғалуы сусыздануға көбінесе түз жетіспеушілік сусыздануға әкеледі, тері жабындысы бозарған, көз асты көгерген, санасы бұзылуы, тырыспа пайда болуы мүмкін, жүрек әрекеті әлсіздейді.

Токсикоз аурудың алғашқы күндерінен бастап дамиды, бірақ жиі аурудың 3-ші күнінен бастап анықгала бастайды да одан әрі карай дамиды.

Кейде ауыр гипертоксикалықтүрде өтеді, ауру алғашқы екі тәулік ішінде өліп кетуі мүмкін.

Ауыр түрде О111; О117; О128 эшерихиялардан туындаған ауру ауыр өтеді. Жасанды тамақтандырудағы, әлсіз, алғашқы 6 айға дейінгі балаларда ауыр түрде кездеседі. Микст-инфекция аурудың ауыр түрде отуіне ықпал жасайды, әсіресе стафилококкты инфекциямен, дизеитериямен, сальмонеллезбен және ЖРВИ-мен бірге өткенде.

Эшерихиоз ауруында асқынулар болуы мүмкін: отит, артрит, пневмония (өкпе қабынуы, пиелит, стоматит, терінің іріңді аурулары, құлақтан аққан ірің, тыныс жолдарының секреті ж.т.б. бөліністердің құрамынан бір серотобтарға жататын энтеропатогенді эшерихиялар табылады.

Асқынулар 24-82% жағдайда кездеседі, негізінен көбінесе ЖРВИ қосьшғаннан кейін жиі асқынулар кездеседі — ерте жастағы балаларда және ауыр түрде өткенде.

Сирегірек инвазивті эшерихиоздар кездеседі.

Энтероинвазивті эшерихиоздардың клиникалық белгілері (II категория, дизентерия тәрізді), жиі 3 жастан асқан балаларда және ересектерде кездеседі.

О124 және О151 эшерихиоздарының клиникасы жақсы оқып зерттелген. О124 эшерихиоздарында инкубациялық кезең 18 сағаттан 3 күнге дейін. Жедел басталады, дене қызуы жоғары, қалтыраумен, бас ауруы, бас айналуы, әлсіздік, іштің ауруы. Бірнеше сағаттан кейін немесе келесі күні диарея қосылады. Үлкен дәрет 3-4 рет, сұйық, шырыш аралас, кейбір балаларда қан аралас. Құсу жетекші симп-том болып саналмайды, кейде құсу болмауы да мүмкін. Тенезмдер әрдайым кездеспейді, жиі тәнезмдер болмайды.

Аурудың ұзақтығы 5-7 күн, кейде 8-20 күнге дейін созылуы мүмкін. Ректороманоскөпиядағы өзгерістер шигеллезға тән өзгерістер. Ерте жастағы балаларда — ауру біртіндеп басталады, жеңіл, бірақ ұзақ уақытқа созылады, қоздырғыш ұзақ уақыт бойы бөліне береді.

О151 (қырым)эшерихиозы — О124 эшерихиозына қарағанда жеңіл түрде өтеді, О124, О115топтармен шақырылған инфекциялардан кейінгі, яғни үшінші орынды алады. О25 О28 эшерихиоздары 30% ауруларда субклиникалық түрде, 7% жағдайда ауыр түрде өтеді.

Энтеротоксигенді эшерихиоздар (III категория, тырысқақ тәрізді).

Жеке-жеке, бірең-сараң жерде кездеседі, жиі ересек кісілер мен 3 жастан асқан балалар ауырады. Жедел басталады, ауру әлсіз, енжар, асқазан тұсында толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болады, лоқсу, құсу. Үлкен дәреті - сұйық, сулы, 10-12 рет тәулігіне, қан, шырынсыз. Дене қызуы жоғарламайды. Ауырлык, дәрежесі дегидратацияға байланысты. АҚШ-та О6 топтағы эшерехиоздармен шақыры-лған тырысқақ тәрізді диареяның кездескенін айта кету керек. 2200-ге жуық ересектер меп балалар ауырған. Ауру лоқсу, құсу, тырысу, диареямен өткен, ұзақтығы 8 күнге созылған орта есеппен.

Энтерогеморрагиялық эшерихиоз (IV категория).

Шетелдік ғалымдар оқып зерттеген. Веротоксин бөлетін эшери-хий сероварлары шақырады. Веротоксиннің цитотоксикалық, нейротоксикалық, гемолитикалықкасиеттері бар. Тағам арқылы жұғады.

Жиі мектеп жасқа дейінгі балалар ауырады. Ауру клиникалық белгілерсіз өтетін түрінен бастап, жеңіл диарея және одан да ауыр түрде өтуі мүмкін (гемоколитпен, гемолитико-уремиялық синдроммен, тромбоцитопениялық пурпура белгілерімен). Манифесті түрлері энтерит, энтероколит, гемоколит сияқты ішек дисфункциясынан басталады, ары қарай ауруының 3-5 күндері жағдайы күрт нашарлайды.

Жаңа туған нәрестелер бөлімшесінде кездескен эшерихий колидің белгісіз мукоидты штамымен шақырылған некротизирлеуші энтероколиттердің бірнеше балада анықталуы көңіл бөлуді қажет етеді. 18 ауырған балалардың ішінде 8 бала қайтыс болған (Sрееr, 1976ж).

Алдын-алу шаралары жалпы ішек жұқпалы ауруларын алдын-алудағы шаралардай, бірақ өте жиі ерте жастағы балалардың ауыратынын ескеріп, баланың спецификалық емес резистәнттігін жоғарлату керек. 6 айға дейін тек қана емшек сүтімен емізу, қосымша тамақ бергенде — бифидофлораны ұстап тұратын, антибактериалды терапиядан кейінгі дисбактериозды жасанды қоспалар беру керек.

Колипротейлі бактериофагты қолдану керек. Л. Б. Хейфиц (1974), К. Линде (1972), К. Rасus (1970), пероралды иммунизация әдісін тапқан, бірақ ол әдіс практикада кеңінен қолданбады.

Эшерихиоздардың қорытынды диагнозы нәжістән, құсық массаларынан арнайы бір серотопқа жататын энтеропатогенді ішек таяқшалары табылғанда қойылады. Серологиялық диагностика қолдануы мүмкін — РПГА-да антиденелер титрі 2-4 рет жоғарлайды.



Последнее изменение этой страницы: 2016-06-10

headinsider.info. Все права принадлежат авторам данных материалов.