Главная

Категории:

ДомЗдоровьеЗоологияИнформатикаИскусствоИскусствоКомпьютерыКулинарияМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОбразованиеПедагогикаПитомцыПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРазноеРелигияСоциологияСпортСтатистикаТранспортФизикаФилософияФинансыХимияХоббиЭкологияЭкономикаЭлектроника






Инвазивті диареялар (Сальмонеллез)


Қазіргі танда бұл бактериалды инфекцияның таралуы тұрақталғанмен, әліде жоғары.

Ағымы әр түрлі — жасырын субклиникалықтан манифесті түріне дейін, жергілікті немесе аурудың жайылмалы түріне дейін.

Этиологиясы. Сальмонеллез (С) —полиэтологиялық ішек инфекциясы, себебі бактериялардың — сальмонеллалардың кең тобымен (2000-ға жақын серотиптері бар) шақырылады. Сонымен қатар С клиникалық көріністері сальмонелланың қай типімен шақырылуына байланысты емес сондықтан оларды этиологиялық вариантын анықтамай-ақ біртұтас терминмен "С" деп айтады.

Қазақстандағы сальмонеллездің патогенезін, клиникасын, емін Т.И. Дмитровская (1971) зерттеген.

Қазақстан териториясында "С" әр түрлі серотиптерінің ондаған түрлері тіркелген S.Typhy murium (тышқандар сүзегінің қоздырғышы), S. Cholerae suis киіз, S.heidellerg. S newport, S.enteritialis тағы басқалары.

Балаларда сальмонеллездің жиі қоздырғышы сальмонелла тифимуриум. Басым жағдайда сальмонелла серотипі табылған жердің географиялық атымен аталады. S. typhi, S. раrаtурһі А, S. раrаtурһі В дан басқа барлық сальмонеллалар потәнциалды биопатогелді болады, яғни тек қана адам организмінде ғана емес, жануарларда да паразиттән алады. Осыған сәйкес "С" іш сүзегі мен паротиптерге қарағанда антропоноз ғана емес, сондай-ақ антропонозооноз бо-лып табылады.

Эпидемиологиясы. Инфекция резервуарына ауыл шаруашылық жануарлары жатады: сиыр, шошқа, үйректер, т.б. Негізгі берілу жолдары — залалданған жануарлар тектес өнімдер, жиі ет және етті өнімдер (фарш, құстар, жұмыртқа, жұмыртқалық ұнтақ, балық, сүт тағамдары т.б).

Тағамдарды бөлме температурасында сақтағанда 5-6 сағаттан кейін сальмонеллалардың ауру тудыра алатын мөлшері жиналады.

Залалдану көзі терең тексеру негізінде табылады.

Ол кезде тағамның сақталу мерзімі, оның органикалық сипатамасы, сақтау жағдайы, қабылдау мерзімі, осы тағамды қабылдаған адамдардың бір уақытта ауыру сияқты жағдайлар анықталады.

Тағамдық анамиезді тағамдық сан.инспекцияның қатысуымен жүргізілген эпидемиолгиялық зерттеу толықгырады. Бұндай зертгеуді топтасқан "С" кезінде шұғыл түрде жүргізіледі яғни егер бір түрлі бактериалды ластанған тағамды қабылдаған, бір топ адамдардың ауруы кездессе.

Топтасқан "С"-мен қатар "спорадикалық" "С" деп аталатын, Науқастардың топтаспай ауырмай, жеке біреулердің ауырғаны да тіркеледі. Кейде бұл жағдайларды зерттегенде бір бактериалды ластанған тағамды бірнеше адам қабыддағаны және тек қана біреудің Науқастанғаны анықталады. Бұл, әрине, белгілі бір жағдайларда қабылданған тамақтың мөлшерінің әртүрлі болуына, сондай-ақ анамнездік мәліметтердің дұрыс емес болуына да байланысты.

Патогенезі. Аурудың дамуында маңызды роль атқаратын фактордың біріне организмнің реактивті жағдайы, асқазан ішек жолдарында үлескен ауырудың болуы (анацидты және гипоцидті жағдайлар, созылмалы энтероколит т.б.) Соңғы жылдары спорадикалық "С" меншікті салмағы анағұрлым өсті. Төзімділігі төмендеген адамдарда (ерте жастағы балалар, қариялар ас қорыту жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар, жедел ауыр ауырулардың реконвалесценттері т.б) алиментарлы жолмен қатар, залалдану Науқастар және "С" субклиникалық түрімен ауырғандардан тұрмыс — қатнастық жолмен жүзеге асуы мүмкін.

"С" гастроинтестиналды түрлерінің патогенезі токсико инфекциялық процестің даму заңдылықтарына сәйкес. Сирек жағдайда алдымен токсикоинфекция емес, ал инфекциялық процесс дамиды. Бұл жағдайда ауру басынан бастап-ақ жайылмалы түрде етеді. "С" аутоинфекциялық процестің нәтижесінде дамуы мүмкін (эндогенді "С" деп аталады). Организмнің төзімділігінің күрт темендеуіне байланысты (созылмалы интоксикация, азу, авитаминоздар, инфекциялық аурулардан кейін т.б) жасырынды "С" инфекцияның белсенденуі жүреді. Аутоинфекция механизмі "С" нозопаразитизмнің негізінде жатыр, оны алғаш рет Г.А.Ивашенцев суреттеген.

Инфекциялық процестің дамуы "С" аш ішектің шырышты қабатының эпителиалды клеткаларынан өтіп, ішектің меншікті қабатына түсуімен сипатталады. "С" клетка ішілік паразиттер, макрофагтарда көбейеді. Лимфалық тосқауылдан өтсе, "С" қанға түсуі мүмкін. Алайда, токсикоинфекциялық процесте бактеремия тұрақты емес, транзиторлық, аурудың бірінші сағаттарында тіркеледі. Тек "С" жайылмалы түрлерінде ракқа созылған бактеремия дамиды.

"С" кезіндегі иммупитет ұзаққа созылмайды, және типтік— спецификалық, яғни аурудың қайталану мүмкіндігі бар., "С" басқа не болмаса сол серотипамсп залалдануы мүмкін. Ең нашар иммунитет гастроинтестиналды түрінде кездеседі оған антигенді тітіркенудің транзиторлы өтуі себепші болады.

Клиникасы. "С" клиникалық көріністері аурудың түрімен анықталады. Барлық турлеріне инкубациясьшың қысқа (әдетте 6-18 са-ғат, 2-36 сағат арасыңда тербелуі мүмкін) және ауру басталуыньщ жедел болуы тән.

Н.В. Воротынцева балалардағы сальмонеллездің келесі клиникалық жіктелуін ұсынған:

1.Асқазан ішектік түрі (гастрит, энтерит, энтероколит, колит,

гастроэнтероколит)

2. Распираторлы (тұмау тәріздес) түрі

3. Сүзек тәріздес

4. Септикалық

5. Симптомсыз немесе жасырын

Ауырлығы: жеңіл, орташа, ауыр.

Ағымы — жедел 1,5 айға дейін; созылыңқы 3 айға дейін; созылмалы 3 айдан артық

6. Бактерия тасмалдаушылық

Әрі қарай "С" клиникасын айтқанда біз осы жіктелуге сүйенеміз, әсіресе гастроэнтерит синдромының болуы тән. Жүрек айнуы, құсу (жиі қайталамалы), эпигастрийде ауру сезім, тілдің жабындымен жабылуы, диарея пайда болады. Дәреті (нәжісі) жиі, көп мөлшерде, сұйық, жағымсыз иісті, жасыл түстес, қан араласпаған және шырыш болмайды. Іштің кебуі, құрылдауы, ішек бойымен жайылып ауыруы тән. Гастрит белгілері энтериттән біраз ертерек дамиды.

Жедел гастроэнтерит синдромы инфекциялық процестің жалпы белгілерімен үлеседі жоғары температура, айқын интоксикация белгілері, нейтрофилді лейкоцитоз, фәрмула солға ығысқан. Температура бірінші күні-ақ максимүмкіна жетеді (әдетте 38-39°). Қатты әлсіздік және бас айналуы тән. Беті бозарған, аяқ қолы көкшіл (акроциноз). АҚҚ (максималды және минималды) төмендеген, пульстік қысым көлемі төмендейді. Ағымы қарқынды, бірақ ұзаққа созылмайды. Ауру 2-3 күнге созылады, одан кейін дене қызуы қалыпқа келуі, жалпы жағдайы жақсарады, гастроэнтерит белгілері жойылады. Реконвалесценциясы жылдам болады.

Кейде токсико — инфекциялық процесс тоқ ішекке жайылса (жиі ішектің проксималды бөлігіне) "С" жедел гастроэнтериколит түрінде өтеді. Бұл түрінде үлкен дәреті жиілеу, тоқ ішек бойымен ауру сезімі және ішектің тығыздануы тән, нәжісте шырыш, ал копротоскопияда шырышта лейкоциттер жиналғанын көруге болады. Қалған белгілері жедел гастроэнтериттегідей. Сирек жағдайда

сальмонелездің кардиналды симптомдарының — құсу немесе диарея — болмауы кездеседі. Сальмонеллезді гастрит қысқа инкубациялық кезеңнен кейін (тәулікке дейін) эпигастрийдегі жедел ауру сезімнен, температураның 38-40° көтерілуінен, қайталамалы немесе көп реттік құсудан, жалпы әлсіздіктен басталады. Іші орташа кепкен. Ауру 2-3 күнге созылады. Кейде бұл түрінде әлсіздік, гипертермиялық сиңдром, аяқ қолдың мұздауы, Ақ коллапс тәріздес түсіп кетуінің дамуы мүмкін.

Энтеритгік түрі ерте жастағы балаларда контакты жолмен залалданудан дамиды. Ішекте ауру сезімі пайда болады, кеңде жүрек айнуы және бір рет құсуы мүмкін, үлкен дәреті төулігіне 5-10 ретке дейін не оданда жиі болады, нәжісі мол, потологиялық қоспаларсыз, қышқыл иісті; іші орташа кепкен, дене температурасы субфебрилдіге дейін көтеріледі. Эксикоз дамуы мүмкін. Аурудың аіымы 2-3 аптаға дейін созылады, кейде қайталамалы бактерия бөліну байқалады.

Колиттік түрі клиникалық көріністері бойынша шигеллезге ұқсайды. Аурудың басталуы жедел, температурасы көтеріліп, интоксикация болады. Шигеллезге қарағанда токсикалық синдром ұзақтау, дисталды колит симптомдары толық емес (шигеллез лекциясын қара) және аурудың 3-5 күнінде қосылады, дәреті нәжістік сипатын жоғалтпайды.

"С" гастроинтестиналдық вариантының ауырлық дәрежесі бір жағынан интоксикацияның айқындылық дәрежесіне: токсинемия, ОЖЖ-ньң токсикалық зақымдалуына және қантамырлар жүйесінің зақымдануына қарай, екінші жағынан-қайталамалы құсу және мол диареяның әсерінен жоғалған сұйықтың көлемімен анықталады. Бұл екі фактордың әр қайсысы, әсіресе, екеуі бірге үйлессе, шокқа әкелуі мүмкін. Сол қарқынды қайтымсыз шок "С" гастроинтестиналды варианты кезіндегі көп емес өлім жағдайларыньң себепшісі болады. Шок тіндердің қоректенуінің бұзылуына, тіндердің қажеттігі мен оларға түскен қоректік заттардың диспропорциясына, оттегі тасымалда-ушы және патологиялық метоболиттерді жоятын жүйенің бұзылуына әкелетін микроциркуляцияның бұзылуының әсерінен дамиды.

Қабылданған жіктелу бойынша шоктық, жағдайды шығу тегі және сатыларға қарай жіктейді.

"С" гастроинтестиналды түріндегі дамыған шок шығу тегі бойынша токсико — инфекциялық (эндотоксикалық) немесе гиповолемиялық болуы мүмкін. ИТШ шеткі қантамырлардың токсикалық зақымдануының, қанның құрсақ қуысындағы венозды бассейндерде жиналуының, қамтамырлық тонустың төмендеуінің, шеткі кедергі келемінің төмендеуінің негізінде дамиды. Гиповолемиялық, клеткалардан тыс сұйықтықтың көп мөлшерінің жоғалуы, плазма көлемінің төмендеуі және осымен байланысты гемодинамикалық бұзылыстар жатады.

Шоктың клиникалық көріністері: беті бозарған, бет сызықтары үшкірленген, маңдайда салқын тер. Еріндер және қол саусақтарының цианозы немесе жайылмалы цианоз. Қол — аяғының мұздаған. Тамыр соғуы жиі, толуы әлсіз, кейде жіп тәріздіге дейін әлсіреген. АҚҚ төмендеген, кейде анықталмайды. ОлигоHAVрия. өзгерістердің айқындылық дәрежесі шоктың кезеңдеріне сай болады.

Бірінші кезеңді компенсацияланған немесе ерте қайтымды шок сипаттайды. Шеткі қантамырлардың вазоконстрикциясына байланысты АҚ қалыпты деңгейде қалыпты ұсталуы мүмкін.

Шоктың екінші кезеңінде (субкомпенсацияланған немесе кеш қайтымды шок) қан ағым болмайды, АҚҚ төмендейді. Қан тамырлар жетіспеушілігінің айқын клиникалық көріністері дамиды, бірақ метаболиттік ауытқулар айқын емес. Үшінші кезеңі (декомпенсацияланған немесе рефрактерлі шок) шоктың клиникалық көріністерінің әрі қарай үдеюімен сипатталады, әсіресе, зәрдің жүрмеуі (шоктық бүйрек), ацидоздың дамуы (лактаттың жиналуы), гипоксия және басқа да метаболизмнің терең бұзылыстары. Осы кезеңде жайылмалы тамыр ішілік коагулопатия да дамиды. Шоктың дамуын және оның күшеюін төсектен тұру, физикалық күш түсіру, салқындау үдейтуі мүмкін, бұл жағдайларды "С" Науқастарды тасымалдау кезінде ескерген жөн. Орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен айқын токсикалық көріністердің болуы, жоғарғы қызба, іш өту мен қызудың болмауы, сусыздану белгілерінің жоқ болуы шоктың шығу тегінің токсико - инфекциялық екенін дәлелдейді. Басқа жақтан, мол іш өту, көп реттік құсу, сусыздану және түзсызданудың айқын белгілерінің болуы және қызбаның транзиторлы болып, тез субнормалды сандарға дейін төмендеуі гиповолемиялық шокқа тән. Иондық құрамы бойынша плазмаға жақын клеткадан тыс сұйықтықтың көп мөлшерінің жоғалуы қанның қоюлануына әкеледі. Оған плазманың меншікті салмағының өсуі гематрокриттің жоғарлауы, эритроциттер құрамыныңөсуі, гемоглобиннің жоғарлауы дәлел болады. Гиповолемиялық шок дамыған кездегі плазмадағы белок мөлшерінің үлкеюі маңызды критерий болып табылады, ол құсу және диареямен жоғалтқан сұйықтықтың құрамындағы белоктың аз болуы және қанның қоюлануымен түсіндіріледі. ИТШ дамығанда бұл ауытқулар анағұрлым аз болады. Гиповолемиялық шок «С» гастроинтеритті түрінде мол диарея (мол сулы нәжіссіз, шрышты дәрет), күріш қайнатпасы тәріздес дәрет, мол көп реттік құсу (құсық сипаты бойынша сулы, ақшыл түстес), дегидратацияның белгілері (тері тургорының төмендеуі, дауыстың әлсіреуі, балтыр бұлшық еттерінің және басқа бұлшық ет топтарының құрысуы) болғанда дамиды.

Қызбалық реакция тұрақты емес, жиі аурудың бірнеше сағаттарында болады, әрі қарай сусызданудың үдеюіне қарай гипортермияға ауысады. Бұндай "С" ағымының вариантын тырысқақ тәріздес деп атайды, ол басқа түрлерден сирек кездеседі.

"С" жайылмалы түрлері гастроинтестиналды түрлеріне қарағанда токсико — инфекциялық емес, классикалық инфекциялық процестің дамуына сәйкес келеді. Жайылмалы "С"-ң 3 вариантын ажыратады: сүзектік, жедел қызбалық және септикалық.

Сүзектік немесе сүзек тәріздес түрі - ұзақ тұрақты қызбамен, айқын токсикациямен сипатталады (есеңгіреу, адинамия, басының ауруы, ұйқының бұзылуы). Клиникалық көрініс іш сүзегін еске түсіреді. Ұқсастығы іш сүзегіне тән розеолезді бөртпелердің болуы мен рецидивтерінің дамуына дейін барады. Гастроэнтерит көріністері болмайды, егер болса тек бірінші күндері болады.

Жедел қызбалық түрі клиникалық көріністерінде жайылмалы инфекция белгілерінің (қызба интоксикациясы) басым болып, гастроинтестиналды синдромының болмауы не аурудың бастапқы кезеңінде әлсіз айқындылықга болуымен сипатталады. Басқа жағынан, кейде жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдану белгілері (аңқаның жеңіл қызаруы, жөтел, ұшық) пайда болады, сондықтан бұл түрін тұмау тәрізді деп атайды.

"С" септикалық түрі қазіргі танда сирек кездеседі, басталуы, әдетте, жедел. Жоғары дұрыс емес немесе ремиттеуші қызба (тәуліктік тербелістері), қалтырап тоңу және терлеу болады. қызба ұзаққа созылады, кейде айлар бойы. Интоксикация белгілері өте анық, бауыр және көкбауыры үлкейген, сирегірек-сарғаяды. Бөртпелері геморрагиялық, басқа да геморрагиялық синдром белгілері (мұрыннан, ішектен қан кету, коНЬюктиваға қан құйылу, гематурия) бірге үйлесіп келуі мүмкін. Нейтрофилді лейкоцитоз, формуласы солға ығысқан, ЭТЖ жоғарлаған. Бұл түрі септикопиемия типтес ағын, "С" әр түрлі ағзалардағы ошақтардың түзілуімен сипатталады, кейде екіншілік (стафилококктық флора) инфекция қосылады.

Септикалық түрі әлсіреген және бір жасқа дейінгі балаларда (салыстырмалы түрде) жиірск кездеседі. Сальмонеллездің типтік түрлері жеңіл, орташа және ауыр ауырлықта өтеді. Ауырлық критерийлеріне интоксикация, эксикоз және ішек бұзылыстарының

Женіл түрі: интоксикация жоқ не әлсіз, дене қызуы субфебрилді, кұсуы тәулігіне 1-2 рет, нәжісі тәулігіне 3-5 рет, құрамында патологиялық қоспалары жоқ не аз.

Орташа ауырлығы: интоксикация белгілері орташа, температура 38-39°С. Эксикоз I дәрежеде. Құсу тәулігіне 3-5 рет не одан көп, нәжісі тәулігіне 10-15 рет, құрамында көп мөлшерде патологиялық қоспалар бар немесе нәжісі сулы, көп мөлшерде (процеске аш ішек қосылса).

Ауыр түрі: интоксикация белгілері айқын, температурасы 40°С не одан жоғары, нейротоксикоз, инфекциялық токсикалық шок, гемолитико — уремиялық синдром, эксикоз ІІ-ІІІ дәрежеде және токсикоздың басқа варианттары; нәжісі 15 рет не оданда көп, жиі тоқтаусыз құсу.

Сүзектік және септикалық сальмонеллездер ауыр түрлеріне жатады.

Жасырын түрі: ішек дисфункциясы тез өтіп кетеді, нәжісі тәулігіне 2-3 рет, 1-2 күнге созылады, құрамында патологиялық қоспалар болмайды, жалпы жағдайы қалыпты болады.

Сальмонеллездің субклиникалық түрі салмонелланың сау адамдардан бөлінуімен сипатталады. Клиникалық көріністері жоқ, тек арнайы зерттегенде кейде манифестті түріндегідей иммунологиялық белгілер анықталады. Бактерия бөлу жедел (3 айға дейін) немесе созьшмалы (3 айдан көп) болады. Созьшмалы субклиникалық турлерінде бактериа бөлушілік кейде тоқтап (латентті түрі) және қайта қалыптасуы мүмкін.

Ерте жастағы балалардағы сальмонеллез ерекшелігі.

Эпидемиологиясы жағынан кішкентай балалардың өте сезімтал екенін және тұрмыстық — қатнастық жолмен залалдану мүмкіндігін ескеру керек. Клиникалық тұрғыда инкубацияның қысқа, жедел гастроэнтероколиттің дамуының, қай вариантга болмасын "С" ауыр түрде етуін, кейде ағымның созылыңқы болуын, әлсіреген балаларда септикалық түрінің дамуының мүмкіндігін ұмытпау керек. Аурухана ішілік сальмонеллезді инфекцияның жиі қоздырғышы S.Турһу тигішп болып табылады, ерте жастағы балаларда, әдетте, ауыр ағымда өтеді, интоксикация және аскдзан ішек заладдарының зақымдану-ының айқын болуымен сипатталады. Аурухана ішілік сальмонеллез негізгі аурудың үстіне қосылса, ағымы қолайсыз бітеді.

Әсіресе бір айлық балалардағы стафилакокты инфекцияға, ауыр пневмонияға, сепсиске, коли инфекцияға сальмонеллез қосылса өте қауіпті. Бұл жағдайларда инфекцияның жайылмалып этиологиясы аралас сепсиске, менингитке ауысуы мүмкін. Аурухана ішілік сальмонеллездің белгілеріне аурудың біртіндеп жәй басталуы, ағзалар және жүйкелердің кеш зақымдануы, клиникалық белгілердің баяу күшейіп, ауыр түрлері мен созылыңқы ағымға бейім болуы жатады. Ішектердің және тоқ ішектің жайылмалы және терең зақымдануы тән сипат. Нәрестелерде аурухана ішілік "С"-ң ерте белгілеріне әлсіздікті, тәбетінің төмендеуін немесе тамақтан толық бас тартуын, құсу, тері жабындыларының бозаруын, терінің мәрмәрлік суреттеуін, дене салмағының төмендеуін жатқызады. Дене температурасы бірінші күндері қалыпты немесе субфебрилді. Нәжісі жиіленеді, сулы, мол, құрамында жасыл түсті нәжістік массалар мен аздаған мөлшерде шырыш болады. 1-3 күн ішінде энтеритке дисталды колит белгілері қосылады: нәжісі азаяды, құрамында бұлыңғыр шырыш және 1/2 жағдайда қан болады. Аурухана ішілік "С" басқа ішек инфекциясына қосарланған жағдайда, оны анықтау өте қиын, әсіресе, бастапқы кезеңдерде.

Диагноз қою. Клинико-эпидемиологиялық "С" диагаостикасы мәліметтерді, оның ішінде тағамдық анамнезді нақты анықтауды ескеруге негізделеді. Спорадикалық "С" кезінде соңғы диагноздың қойылуы лабораториялық дәлелдеуді (нақтылауды) талап етеді. Топтасқан жағдайларда диагнозды топты толық зерттеулердің нәтижелерін ескеріп қоюға болады. Бактериологиялық зерттеу жүргізеді. Егуді Плоскирев бактоагарына және міндетті түрде байы-тылған ортасына (Мюллер, Селенит, магний орталары) егіп, әрі карай висмутсульфитті агарға қайта егу жолмен жүргізеді. Болжама нәтижені 36-48 сағаттан соң, соңғы нәтижені 3-4 күннен кейін білуге болады.

"С" гастроинтестиналды түрінде зерттелуші материалға "күмәнді" тамақ қалдықтары, құсық, асқазан шайындысы, нәжісі жатады. Аурудың бірінші сағаттарында жиналған зерттеу материалдары көп нәтижелі болатындықган, оларды Науқастардан ауруханаға дейінгі белесте (жедел жәрдем дәрігері, емханада) алған жөн. "С" жайылмалы түріпде бактериологиялық зсрітсуге қан, зәр және өтті де жіберіледі. Сыпамаларды жиHAV ережелері, басқа ішек ин-фекциялары кезіндегідсй. Сыпамаларды аитибиотик және басқа ан-тибактериалды препаратглр берілгенгс дейін және міндетті түрде таза, залалсыздандырушы заттардың ізі қалмайтын ыдыста жіберіледі. Зерттеуші материалды ректалды түтіктермен және материалдың соңғы (ең сұйық) порциясын алу бактериологиялық зерттеудің нәтижелілігін төмендетеді. Оң нәтижелер егу жиілілігінің өсуіне қарай көбейеді.

Серологиялық реакциялар, іш сүзегіне қарағанда, ішектері маңызға ие, көбіне ретроспективті диагностика мақсатында жүргізіледі. Динамикалық бақылау кезіндегі антиденелер титрлерінің өсуіне көңіл бөлінеді, максимадды титрлер ауру басынан 2-5 апта өткенен кейін тіркеледі, яғни Науқас жазылғаннан кейін иммунитеттің қатаң типтік арнайылылығын ескеруге тура келеді, сондықтан агглютинация реакциясын қойғанда диагностикумдардың кең жиынтығы керек болады, салыстырмалы түрде комплексті және топтық 0-эритроци-тарлы диагностикуммен ПГАР-сы (диагностикалы титр 1/160) үлкен маңызға ие.

Экспресс диагностика мақсатында люминесцентті микроскопта флюоресцентті антиденелерді тіркейтін иммунофлюресценция әдіс қолданылады. Алайда, бұл зерттеу әдістері тек көмекші қызмет атқарады.

Алдын алу. Сальмонеллездің алдын алу шаралары өте көлемді, себебі басқа ішек инфекцияларына қарағанда екі қызметпен: медициналық және ветеринарлық қызметпен жүзеге асырьшады, ол бұл инфекцияның антропоноздық сипатына байланысты.

Инфекция көзіне қатысты төмендегі жұмыстар жүргізіледі: үй жануарларын сауықтыру, ет комбинаттарында, құс фабрикаларында және сүтті өндірістерінде санитарлық режим жүргізу; етті сою, өндеу, сақтау, тасмалдау және реализациялау сатыларында залалдануының алдын алу; шикі үйрек және қаз жұмыртқаларын қолдану және сатуға тиым салу; коллективтерде сальмонеллездің таралуының алдын алу шараларын жүргізу; инфекция көзін ерте табу және шектеу; барлық ішек дисфункциясы бар Науқастарды үш рет бактериологиялық тексеру; ұйымдастырылған коллективтерде түскен бала-ларды, босану үйіне түскен жүкті әйелдерді, мектепке дейінгі балалардың медициналық мекемелерінде қызмет етуші персоналды, тағамдық өндірістің қызметкерлерін бір реттік бактериологиялық тексеруден өткізу.

Науқастарды толық клиникалық сауыту және этиотропты ем біткеннен 3 күннен кейін алынған бір реттік теріс нәтижелі бактериологиялық анализге дейін шектеу керек. Үш ай бойы ай сайын нәжісті бактериологиялық тексеру жүргізіп, диспансерлік бақылау жасалады. Бактериология тасмалдаушылар сальмонелласы егілген кейінгі 15 күн ішінде 3 реттік теріс бактериологиялық анализ алын-байынша балалар коллективтеріне жұмысқа жіберілмейді.

Сальмонелездің топтасып ауырған жағдайларында бактериологиялық анализді барлық балалардан, қызмет етуші персоналдан алады, сондай-ақ соңғы 1-2 күн ішінде қолданылған тамақ өнімдері тексеріледі; олардың сақталған жерлері, тамақтың дайындалу технологиясы және оны реализациялауы тексеріледі. Қатынаста болғандарды Науқасты шектегеннен кейінгі 7 күн бойы бақыланады. Ағымды және шешуші дезинфекция жүргізіледі. Арнайы профилактика жүргізілмейді. Карантин салынбайды.

 

 

Шигеллез

Жедел ішек инфекциялар (ЖІИ) әлемнің көп елдер үшін өте күрделі мәселе болып табылады. Диареялық аурулармен күрестің маңыздылығы туралы (ДДҮ) қабылданған арнайы бағдарламада айтылды.

Әсіресе бұл мәселелердің дамушы еддер үшін маңызы зәр, себебі ДДҮ мәлеметтері бойынша 5 жасқа дейінгі 1 балаға жылына 2,2 ауру жағдайы келеді. Бұл аймақтағы нәрестелердің өлім көрсеткіші бойынша жедел ішек инфекциялар мен жедел респираторлық аурулар бірінші орын алды. Бұл ерекшеліктер Қазақстанда 1999 жылы жедел ішек инфекциясымен ауырған 45522 Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар саны - 29960 құралды. Халықтық санақ 100.000 адамына 304,64, балалар 630,62 болады.

Іске асырылатын ДДҮ ұсынған жіктеу бойынша барлық ішек инфекциялар этиологиясына, патогенезіне және клиникаға, жергілікті синдромының пайда болуына байланыссыз екі негізгі формаға бөлінеді: инвазивті және секреторлы.

Жедел ішек инфекцияның инвазивті түрінде қоздырғыш ішек қабырғасына еніп жергілікті қабыну процессін шақырады, осының нәтижесінде нәжіске қан, ірің қосылады; интоксикация белгілері пайда болады. Инвазивті диареяларға шигеллездер, салмонеллездер, энтероинвазивті эшерихиоздар жатады.

Жедел ішек инфекцияның секреторлық түрінде қоздырғыштың ішек қабырғасына сну бслгілері болмайды; нәжісінде патологиялық қосындылар болмайды.

Аурулардың ауырлық денгейі су-электролиттік бұзылыстармен анықталады. Секрсторлық диарсяларга тырысқақ, энтеропатогенді және энтеротоксигеиді ллерихиоздар, ШПФ шақырылган ішек аурулар жатады.

Шигеллездер

Шигеллездер – тегінің микробтары шақыратын, қысқа уақытты жалпы интоксикациямен, асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен. Дистальды колиттің клиникалық-морфологиялық көріністерімен жиі жедел өтетін созылмалыға қарағанда.

Этиологиясы. Эпидемиологиясы.Шигеллалар — Грам (-), қозғалмайтын, капсуласы және талшықтары жоқ, споралар түзбейтін таяқшалар. Тәжірибеде антигендік құрылысы қарапайым, тек 1 антигеннің маңызы зор. Отандық шигеллалардың жіктелуі биохимиялық қасиеттер бойынша құрылған. Халықаралық жіктеу-антигендік ерекшеліктер бойынша.

Шигеллалардың жіктелуі

Отанымыздың жіктелүі (1962)

I. манит негативті:

1. Григорьев-Шиг шигелласы

2. Лардж-Сакс шигелласы

3. Штуцер-Шмидц шигелласы

II. манит позитивті:

1. Флекснер шигелласы (6 серовары, 13 варианты бар)

2. Ньюкасл шигелласы (Флекснер IV)

3. Бойда шигелласы (3 серовар)

III. манит позитивті, лактоза позитивті 1. Зонне шигелласы (3 серовар)

Халықаралық жіктелу (1980)

Тобы түрі

А Дизентерия шигелласы (10 серовар)

В Флекснер шигелласы (І-ГУ)

С Бойд шигелласы (15 серовар)

Д Зонне шигелласы

Шигеллездің маңызы: Жедел ішек инфекциялар ішінде 1/3 шигеллездер құрайды. Оның ішінде 1-3 айға дейінгі балалар 4-4,5%, 4 айдан 1 жасқа дейінгі балалар 6-8%, 1 жастан жоғары — 40%-тән аз емес, үлкен жастағы оқушылар — 70-80%

Шигеллездерді кеш, өз уақытында дұрыс емдемесе, созылмалы колит, мальабсорбция синдромы, токсико-дистрофиялық жағдайлар дамиды.

Шамамен 1900 жылға дейін шигеллезді шақыратын тек қана Григорьев-Шиг шигслласы (серовар 1; А тобы) жалғыз қоздырғыш деп саналған. 1920 жылдан бері оның міндеті төмендеген. 50-ші жылдардан бері бұл шигелла тіркелмеген. 50-70-ші жылдары көптеген әлемдік аймақтардағы шигеллездарды Зонне шигелласы шақырған. 80-шы жылдардан бастап, Флекснер шигелласы шақырған ауру саны жоғарлады.

Соңғы 10-15 жылдықта Григорьев-Шиг шигелласы шақырған ауру көтерілістері Латын Америкада, Оңтүстік — Шығыс Азияда бодды. Афганистаннан бұл шигелла Орталық Азияға енген, этиоло-гиясы белгілі дизентерияның бұл вариантты шақырған "жаңа" тырысқақ турде көрінген пандемия туралы мәлеметтер пайда болған.

Бұл ауру кезінде өлім көрсеткіштері өте жоғары; тырысқаққа қарағанда 20 есе көп, жасырын түрінде ауыр жағдайда өтеді.

Біздің ауруханада Григорьев-Шиг шигеллезы алғашқы рет 1997 жылы 2 балада анықталған, ал 1998, 1999 жылдары аурулар саны 10-ға дейін жеткен.

 

Инфекщонист үшін маңызды шигеллездердің биологиялык,

Ерекшеліктері

А тобының шигелездерінің вируленттігі максимальды (қоздырғыштар эндотоксин және экзотоксин бөледі); Д тобының шигеллездерінің вируленттігі минимальды. Вируленттік дәрежесі жұғу мөлшеріне байланысты: вируленттік неғұрлым жоғары болса, соғүрлым жұғу мөлшері төмен болады, жұғу мөлшеріне аурудың жұғу жолы байланысты. Мысалы, өз еркімен келіскен адамдармен жасалынған экспериментге Григорьев-Шиг таяқшасы 10-100 микробтық дене мөлшеріде 50% -те ауру шақырған, таралу жолы бұл кезде — қатынастық-тұрмыстық. Флекснер шигелласы 2000-3000 микробтық дене мөлшерінде ауру шақырған, таралу жолы су арқылы. Зон-не шигелласы 1 млн-нан астам микробтық дене мөлшерінде қиындықпен 20-30%-те ауру шақырған. Осындай үлкен биомасса жиналу үшін тағамдық субстрат қажет (мысалы сүт тағамдары). Осыған байланысты таралу жолы — тағамдық, әсіресе сүт арқылы. Ауру шақыратын мөлшер сүтте 8-12 сағаттан кейін жиналады. Вируленттік биохимиялық активтілікпен қарсы қатынас арқылы байланысты, ал қоршаған ортада тұрақтылық биохимиялық активтілікпен тікелей қатынас арқылы байланысты. Мысалы, Зонне шигелласының био-химиялық активтілігі өте жоғары, бұл таяқша қоршаған ортада өте тұрақты, бірақ вируленттігі төмен. Дәріге тұрақтылық К-плазмидтерге байланысты. Құрамында К-плазмидтер бар штаммдар өте ауыр созылынқы ауру шақырады.

Аурудың патогенезінде, жоғарыдағы айтылған қасиеттерден басқа шигеллалар екінші қатар лигандаларын — простеноидтер токсикоз (гемодинамикалық бұзылыстар, энцефалиттік реакция шақырады), жергілікті қабыну процессін шырыш асты қабатын, ішек қабырғасының өзіндік пластинкасының бұзылуын шақырады. Сонымен қатар шигеллалар торша ішіне енеді (паразитирование). Осы қасиеттер де шигеллездер патогенезінде маңызы бар. Осыған байланысты ем үшін липосомды антибиотиктер (рифампицин, кейбір цефалоспориндер) қолданыла бастады. Жергілікті процестің дамуына аутосенсибилизация орын алады.

Ішектің қабынған ұлпасы аутоантиген рөлін атқарып, түзілген иммунды комплекстер қоздырғыштын элиминациясынан басқа, жергілікті қабыну процесін ұстап тұрады. Микроорганизмдер ішек қабырғасымен бірдей антигендерге ие болып, сенсибилизациясын күшейтеді. Шигеллездер типті антропонозды ауруларға жатады. Аурудың көзі Науқас және шигеллалардың тасымалдаушысы! Шигела тасымалдаушылық ұлпасы: Зонне 1,5-2%, Флекснер 12%, Григорьев-Шиг 30%. Берілу жолы қатынасты-тұрмыстық.

Клиникасы. Инкубациялық кезең 7 күнге дейін. Ауру клиникасы интоксикация симптомдарынан және жергілікті процесстән тұрады. Токсикоз синдромы және жергілікті процесс қоздырғышқа байланысты. Мысалы Флекснер, Григорьев-Шиг шигеллездеріне нейротоксикоз тән, Зонне шигеллезіне — токсиқалық және гиповолемиялық шок тән.

1 жастан асқан балаларда жергілікті процесс Флекснер және Григорьев-Шиг шигеллезы кезінде дистальды колит түрінде, ал Зонне, Бойд шигеллезі кезінде гастроэнтероколит түрінде көрінеді.

Шигеллездер жіктелуі А.А.Колтыпин принциптеріне негізделеді. Типтік, атиптік түрлерін ажыратады. Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр болып бөлінеді. Ағымы бойынша жедел, созылынқы және созылмалы деп бөлінеді.

Типтік түрде айқын дистальды колитгік синдроммен сипатталатын шигеллездердің барлығы жатады. Колиттік синдром: тенезімдер (немесе оның эквиваленттері), ауру сезімі, спазмды сигма тәрізді ішек; сфинктерит, қан мен шырыш қосылған нәжіс. Атиптік түріне жасырын, диспепсиялық, субклиникалық және гипертоксикалық шигеллездер жатады.

Шигеллездер ауырлығының критерийлері — инфекциялық токсикоз дәрежесі және жергілікті өзгерістер. Типті орташа және ауыр ағымда аурудың ауырлығы жалпы улану белгілеріне (тип А) немесе жергілікті көріністерге (тип В), немесе тән дәрежедегі токсикозға және дистальды колитке (аралас тип В) байланысты. Жеңіл, атипті түрлерде А.Б,В типтеріне бөлмейді.

Жеңіл түрінде (50-60%) интоксикация әлсіз дамиды, қызуы 38,5°С-тән жоғары емес, үлкен дәреті 5-6 реттән көп емес, сұйық, құрамында шырыш, қан болады.

Тенезімдер әлсіз дамыған, сигма тәрізді ішек ауру сезімді, спазмдалған. Сфинктерит болады.

Орташа ауыр түрінде (40%) интоксикация симптомдары айқындалмаған, қызуы 38,5-40°С, қайталамалы құсу,тәулікте 9-15 рет іші өтеді, дәреті нәжістік сипатын жоғалтып, аз көлемде болады, көп мөлшерде шырыш және қан қоспшіары. Іш толғақ тәрізді ауырады, тенезмдер, сигма тәрізді ішек спазмдалған.

Ауыр түрі (5%). А типі. Басталуы жедел, қызуы 39,5-40°С және оданда жоғары. Нейротоксикоз пемесо инфекциялық-токсикалық шок дамуы мүмкін. Колиттік сидром бірнеше сағаттан кейін немесе бірінші тәулік соңында пайда болады, олсіз дамиды және жағдайының ауырлығын анықтамайды.

В типі. Гипертермиядан, іштің



Последнее изменение этой страницы: 2016-06-10

headinsider.info. Все права принадлежат авторам данных материалов.