Главная

Категории:

ДомЗдоровьеЗоологияИнформатикаИскусствоИскусствоКомпьютерыКулинарияМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОбразованиеПедагогикаПитомцыПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРазноеРелигияСоциологияСпортСтатистикаТранспортФизикаФилософияФинансыХимияХоббиЭкологияЭкономикаЭлектроника






Стоматология детского возраста рус. rtf


$$$001

Уақытша I күрек тіс минерализация уақытына жатады:

A) 2 ай

B) 4- 5 айда

C) 7-5 айда

D) 8 - 5 ай құрсақішілік дамуда

E) 9 айда

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=1

$$$002

Ұлпаның қорғаныштық функциясының себебі болып табылады:

A) Фибробластты қатар тіндерінің маңызы

B) Тіндердің фагоцитарлы белсенділігі

C) Одонтобласттардың екіншілік дентин өндіру қабілеттілігі

D) Талшықты структуралар

E) Тіндік иммунитет

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=1

$$$003

Жегіленген қуыс құрғақ пигменттелген дентинге толы, қуыс қырлары тегістелген, КПЖ=2, тісжегісінің белсенділігінің формасына жатады:

A) Тісжегінің компенсирленген формасы

B) Тісжегінің субкомпенсирленген формасы

C) Тісжегінің декомпенсирленген формасы

D) Тез дамитын

E) Жәй дамитын

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=2

$$$004

Ылғалды ақшыл дентині бар жегілік қуыс тісжегі белсенділігінің келесі формасына жатады:

A) Тісжегінің компенсирленген формасы

B) Тісжегінің субкомпенсирленген формасы

C) Тісжегінің декомпенсирленген формасы

D) Тез дамитын

E) Жәй дамитын

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=2

$$$005

Жедел жартылай пульпиттің ажырату диагностикасын жүргізу кезіндегі факторға жатады:

A) Ауырсынудың ұзақтығы мен сипаттамасы

B) Ауырсынудың сипаттамасы мен термометрия

C) Ауырсынудың ұзақтығы мен электрометрия

D) Ауырсынудың сипаттамасы мен перкуссия

E) Ауырсынудың сипаттамасы мен электрометрия

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=2

$$$006

Келесі рентгенологиялық суреттемені талқылаңыз: уақытша тіс түбірлері сорылған және фолликуламен жақындасуда:

A) Патологиялық резорбция

B) Физиологиялық резорбция

C) Уақытынан бұрынғы резорбция

D) Кешіккен резорбция

E) Жеделдетілген резорбция

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

$$$007

Келесі рентгенологиялық суреттемені талқылаңыз: түбір конус пішінді, ұшы аймағында шектелген пластинкасы бар кеңістігі бар:

A) Түбір аймағындағы патологиялық процесс

B) Түбір қалыптасуы

C) Түбір ұшы қалыптасуы

D) Патологиялық резорбция

E) Физиологиялық резорбция

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

$$$008

Бала А., 7 жаста. Көзасты, сол жақ ұрт аймағының ісінуіне және ауырсынуына шағымданады. Жергілікті қарағанда: сол жақ ұрт және көзасты аймағының ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Бұл аймақта көлемі 5,0*4,0см болатын инфильтрат пальпацияланады, инфильтрат үсті терісі гиперемияланған, ісінген, пальпациялағанда жедел ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 64 тіс сауыты ½ бөлігіне бұзылған, перкуссия ауырсынулы. Өтпелі қатпар тегістелген, гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Алғашқы диагноз қойыңыз:

А) Сол жақ бет, ұрт аймағының ддонтогенді флегмонасы

В) Сол жақ көзасты, бет аймағының одонтогенді флегмонасы

С) Сол жақ қанаттаңдай, ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы

D) Сол жақ көзасты, қанаттаңдай аймағының одонтогенді флегмонасы

Е) Сол жақ көзасты, ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

$$$009

Бет – жақ аймағының іріңді – қабыну процестері кездерінде бұрыштық вена тромбофлебиті бар балаларда ауыр асқынуды болжаңыз:

А) Менингит

В) Медиастенит

С) Сепсис

D) Бас миының абсцессі

Е) Кавернозды синустың тромбозы

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

$$$010

Бала Д., 6 жаста. Диагноз: 45 тістен болған сол жақ қанаттаңдай және самайасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Хирургиялық ем көлемін таңдаңыз:

А) 45 тісті жұлу және периостотомия

В) 45 тісті жұлу және флегмонаны дренаждау

С) 45 тісті жұлу және флегмона пункциясы

D) Флегмонаны дренаждау және периостотомия

Е) Периостотомия

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

$$$011

Бала Е., 7 жаста. Сол жақ ұрт аймағының ауырсынуы мен ісінуіне шағымданады. Жергілікті қарағанда: сол жақ ұрт аймағының жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Бұл аймақта көлемі 5,0*4,0 см болатын инфильтрат, тері үсті қызарған, ісінген. Инфильтрат ортасында қабыршақпен жабылған 4 іріңді өзек анықталады. Пальпация ауырсынулы. Алғашқы диагноз қойыңыз:

А) Ұрт аймағы абсцессі

В) Ұрт аймағы карбункулы

С) Құлақмаңы – шайнау аймағы абсцессі

D) Ұрт аймағының абсцедирлеуші фурункулы

Е) Ұрт аймағының флегмонасы

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

$$$012

Балаларда қанаттәрізді – төменгі жақасты аймағының флегмонасы кезінде іріңді ошақты дренаждау үшін жол ашу:

A) өтпелі қатпар бойымен тілік

B) Төменгі жақсүйегі бұрышын бойлай тілік

C) Төменгі жақсүйек бұтағының артқы қырына параллельді тілік

D) Жақасты аймағында тілік

E) Иекасты аймағында тілік

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=3

$$$013

Туа пайда болған жоғарғы еріннің толық жырығы кезінде хирургиялық ем әдісіне жатады:

A) Хейлопластика

B) Уранопластика

C) Френуллопластика

D) Вестибуллопластика

E) Стафиллопластика

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=3

$$$014

Орташа тісжегісі белсенділігінің 1 деңгейінде емдеу әдісіне жатады:

A) Бір қабылдауда пломбалау

B) Жылына 3 рет ремтерапия

C) Жылына 1 рет ремтерапия

D) Ремтерапия қолданумен кейін пломбалау

E) Емдік сықпа қолданумен кейін пломбалау

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=3

$$$015

11 жастағы баланың 11 тісінің жедел іріңді периодонтитін емдеу әдісіне жатады:

A) 1 қабылдауда пломбалау

B) Экссудаттың шығуына жол ашу

C) Өтпелі қатпар бойымен тілік жасағаннан кейін пломбалау

D) Антибиотиктерді периапикальды тіндерге шығару

E) Иодинолы бар турунданы каналға салу

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=3

$$$016

Бала Р., 13 жаста, Грин-Вермиллион индексі бойынша ауыз қуысы гигиенасы 2,0 тең. Ауыз қуысы гигиенасын бағалаңыз:

А) Жақсы

В) Орташа

С) Нашар

D) Қанағаттанарлық

Е) Өте нашар

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=3

$$$017

Бала С., 10 жаста. Диагноз: Орташа ауырлық дәрежесіндегі созылмалы генерализацияланған пародонтит. КПИ индексі 4,0. Пародонт ауруының интенсивтілігінің деңгейін анықтаңыз:

А) Жеңіл

В) Орташа

С) Ауыр

D) Ауруға қауіп

Е) Қанағаттанарлық емес

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=3

$$$018

Бала Т., 13 жаста. Диагноз: Созылмалы локализацияланған пародонтит. Ауыз қуысы кіреберісі тар. Диагностикалау әдісін таңдаңыз:

А) Компьютерлі томография

В) Визиография

С) Магнитті-резонансты томография

D) Ортопантомография

Е) Ультрадыбысты зерттеу

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=3

$$$019

Бала К., 10 жаста. Диагноз: Созылмалы гипертрофиялық гингивит. Кешенді емдеу көлемін таңдаңыз:

А) Жергілікті және жалпы емдеу

В) Ауыз қуысы гигиенасы

С) Тіс жұғындыларын алу

D) Хирургиялық емдеу

Е) Склероздаушы терапия

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=3

$$$020

Бала Д., 10 жаста. Диагноз: Созылмалы генерализацияланған пародонтит. Емдеу көлемін таңдаңыз:

А) Склероздаушы терапия

В) Ауыз қуысы гигиенасы

С) Тіс жұғындыларын алу

D) Жергілікті және жалпы емдеу

Е) Хирургиялық емдеу

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=3

 



Последнее изменение этой страницы: 2016-06-10

headinsider.info. Все права принадлежат авторам данных материалов.